АҚШ – әлемдегі лаңкестік ағымдардың негізгі демеушісі
https://itolqyn.com/news/world-i41313
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы Лариджани АҚШ-ты әлемдегі лаңкестік ағымдардың негізгі демеушісі деп атады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 20, 2019 17:14 Asia/Almaty
  • АҚШ – әлемдегі лаңкестік ағымдардың негізгі демеушісі

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі Төрағасы Лариджани АҚШ-ты әлемдегі лаңкестік ағымдардың негізгі демеушісі деп атады.

ИРНА ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі мәліметі бойынша, Әли Лариджани Бейжіңде Қытайдың Renmin университетінің ұстаздары мен студенттерінің алдында сөйлеген сөзінде: «АҚШ әлемдегі лаңкестік ағымдардың негізгі демеушісі болып, жылдар бойы Ауғанстан, Ирак пен Сирия елдерінің қауіпсіздігін бұзып келеді»,- деді. Лариджани сионистік режимнің Батыс Азия аймағын бейберекеттікке тірегісі келетініне тоқталып: «Сионистер америкалықтар «Ғасырдың үлкен мәмілесі» деп атаған өтірігі арқылы Палестинаның мазлұм халқын құқықтарынан айыруды көздеуде»,- деді. Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің Төрағасы сондай-ақ, Иранның өз міндеттемелеріне табанды екенін, бұл мәселені Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі 13 рет растағанын айтып: «АҚШ қисынсыз сылтауларымен «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін орындаудан жалтарды»,- деді.