Иранның Чабаһар портынан Ауғанстанның экспорттық жүгі Үндістанға жіберілді
https://itolqyn.com/news/world-i41377
Ауғанстанның Үндістанға арналған бірінші экпорттық жүгі дүйсенбі күні Иранның Чабаһар порты арқылы тиеліп, жіберілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Ақп 26, 2019 17:15 Asia/Almaty
  • Иранның Чабаһар портынан Ауғанстанның экспорттық жүгі Үндістанға жіберілді

Ауғанстанның Үндістанға арналған бірінші экпорттық жүгі дүйсенбі күні Иранның Чабаһар порты арқылы тиеліп, жіберілді.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Ауғанстанның 750 тонна дәнді бұршақ дақылдары мен асыл тастар тиелген 23 контейнерден құралған бірінші экспорт жүгі Үндістанға жіберілді.

Систан-Балучистан облысындағы порттың бас директоры Бехруз Ағаи Чабаһар портын жылына сегіз жарым миллион тонна жүк тиеу әлеуетімен Ауғанстан мен Орталық Азияға тауар тасымалдайтын ең жақсы жол екенін,  сондықтан Порттар ұйымының бұл саладағы кез келген инвестицияны қолдайтынын мәлімдеді.