АҚШ Өкілдер палатасы Сауд Арабиясына Йеменге қарсы соғыс жүргізуге көмектесуді тоқтатуды талап етті
(last modified 2019-04-05T13:07:57+00:00 )
Сәу 05, 2019 19:07 Asia/Almaty
  • АҚШ Өкілдер палатасы Сауд Арабиясына Йеменге қарсы соғыс жүргізуге көмектесуді тоқтатуды талап етті

Американың Өкілдер палатасы Ақ үйдің Сауд Арабиясына Йеменге қарсы соғыс жүргізуге әскери көмекті тоқтатуына себеп болатын қарар бекітті.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, АҚШ-тың Өкілдер палатасы бейсенбі күні аталмыш қарарды 247 «оң», 175 «теріс» дауыспен бекіткен. Бұл қарар АҚШ үкіметінен Йемендегі америкалық әскери күштерді немесе бұл соғысқа қатысып отырған басқа күштерді шығаруды талап етеді. Алайда қарарға Дональд Трамп вето қояды деген болжамдар айтылуда.

Тегтер