Иранның ескертулерінен кейін АҚШ шегінді
ИИР Батыс Азия аймағындағы америкалық күштерді лаңкестік деп жариялаудан бір күннен кейін Пентагон Иранды АҚШ үшін төтенше қоқан-лоққы емес деп атады.
Пентагонның баспасөз хатшысы Ребекка Ребарич Иранның Пентагон үшін төтенше қоқан-лоққы емес екенін айтты.
Бұдан бұрын Ислам революциясының Сақшылар корпусы АҚШ Мемлекеттік департаментінің лаңкестік топтарының тізіміне тіркелгеннен кейін Иран Батыс Азия аймағындағы америкалық әскери күштер мен оның қарамағындағы барлық күшті лаңкестік топ санайтынын жариялады.
Пентагон баспасөз хатшысының бұл сөзді айтуына БҰҰ-на мүше бір елдің әскери органын лаңкес деп жариялауына Иранның қайтаратын жауабына алаңдау себеп болды. Алаңдаушылық аймақтағы ондаған мың америкалық әскери мен олардың әскери базаларының ИИР қарулы күштерінің нысанына алынып, Сақшылар корпусына қарсы кез келген дұшпандық әрекеттің Иранның қатаң жауабымен бетпе-бет келетіндігімен байланысты.
АҚШ Президенті Дональд Трамптың өзі Ирак пен Ауғанстанда елінің 7 триллион доллар қаржы жұмсағанын сан рет мойындаған болатын. Сол себепті Ирандағы Сақшылар корпусын қолдаған ұлттық бірлік пен мықты ұстаным америкалықтарды алғашқы ұстанымдарынан шегіндіретіні белгілі болған.
АҚШ-тың ақпарат құралдары бұдан бұрын Пентагон мен Орталық барлау басқармасының басынан-ақ Иранның қайтаратын жауабына алаңдаушылық білдіріп, Сақшылар корпусын лаңкестік топтар тізіміне тіркеуге қарсы болғаны туралы хабар таратқан болатын. Бұл қарсылықтар Барак Обама мен Дональд Трамптың президенттік кезеңдерінде Ақ үйдің сан рет жасаған талпыныстарын нәтижеге жеткізбеді. Алайда Трамп үкіметінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі құраманың өзгеруі мен экстремист, соғысқұмар Майк Помпео және АҚШ Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ, Джон Болтонның Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып сайлануынан кейін АҚШ Президенті Сақшылар корпусына қарсы әрекеттарды қабылдады деп айтуға болады.
АҚШ Президентінің қауіпсіздікке қарсы әрекеттері сол елдің де ішіндегі қарсылықтармен бетпе-бет келді. АҚШ-тың Батыс Азия аймағындағы әскери-қауіпсіздік күштері мен олардың Трамптан өткен асыра сілтеуші Вашингтондағы қолбасшылары мен Трамптың кеңесшілері бұл шешімнің қатерлі екенін түсініп, Ақ үйдің Сақшылар корпусына қарсы жуырдағы мәлімдемесін іске асыруды кейінге қалдыруға немесе сөзбен болсын, Иран мен АҚШ арасындағы әскери қақтығыс ықтималын азайтуға талпыныс жасап жатыр. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, «Соққы беріп, қашып кету кезеңі әлдеқашан аяқталған. Америкалықтардың кез келген дұшпандық әрекетіне Иранның беретін жауабы қатаң болады».