Нетаньяху қайта сайланғаннан кейін Трамп қисынсыз сөз сөйледі
(last modified Thu, 11 Apr 2019 11:19:14 GMT )
Сәу 11, 2019 17:19 Asia/Almaty
  • Нетаньяху қайта сайланғаннан кейін Трамп қисынсыз сөз сөйледі

Дональд Трамп Израильдің жалпыхалықтық сайлауында Беньямин Нетаньяху Премьер-министр болып қайта сайланғаннан кейін Израиль мен палестиналықтар арасында бейбітшілікке қол жеткізу мүмкіндігі арта түсті деп уәж айтты.

Reuters ақпарат агенттігінің сәрсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Дональд Трамп Ақ үйде тілшілерге берген сұхбатында: "Барлығы Батыс Азияда Израиль мен Палестина арасында бейбітшілік орната алмаймыз дейді, бірақ мен біздің мұндай мүмкіндігіміз бар деп ойлаймын. Қазір Нетаньяху жеңгендіктен жақсырақ мүмкіндік пайда болды деп санаймын",-деген уәж айтты.

Трамп Израильде мерзімінен бұрын парламенттік сайлау қарсаңында Сирияның Голан жоталарын Израильге тиесілі деп ресми тану арқылы Нетаньяхуға осы сайлауда айтарлықтай көмектесті. Нетаньяху сайлау бәсекелестігі барысында өзінің Трамппен жақын дос екенін айтты.   

 

Тегтер