Қазақстан Президенті Өзбекстанға ресми сапармен барды
Сәу 14, 2019 18:04 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті жексенбі күні екікүндік сапармен Өзбекстанға барды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзбек әріптесі Шавкат Мирзиёевпен кездесуде екіжақты қарым-қатынас пен тату көршілестікті нығайту, стратегиялық серіктестік, сондай-ақ, саяси-экономикалық және сауда салаларында әріптестік жасаудың перспективасы мәселелерін талқылайды.
Қазақстан президенті Ташкентке екікүндік сапарында аймақтық ынтымақтастықты арттыру және халықаралық тақырыптар жөнінде де пікір алмасады.
Тегтер