Иранның Өнеркәсіп министрі Әзірбайжан Президентімен кездесті
(last modified Fri, 19 Apr 2019 11:54:18 GMT )
Сәу 19, 2019 17:54 Asia/Almaty
  • Иранның Өнеркәсіп министрі Әзірбайжан Президентімен кездесті

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Әзірбайжан Президентімен кездесті.

 

Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрі Реза Рахмани бейсенбі күні кешке Әзірбайжан Президенті Илһам Әлиевпен кездесіп, екі елдің сауда және өнеркәсіп салаларындағы ынтымақтастықтарын арттыру туралы сөйлесті.

Инвестиция мен ортақ сауда салаларындағы ынтымақтастықтарды арттыру, басқа елдердің қатысуымен аймақтық ынтымақтастықтарды дамыту, сондай-ақ, жекеменшік бөліміне қолдау көрсету Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің Әзірбайжан Президентімен кездесуінде талқыға салынған келесі мәселелер болды.  Бакудің оңтүстігіндегі Иран мен Әзірбайжанның автобус шығаратын ортақ зауытының алғашқы қазығын қағу рәсімі мен екі елдің сауда мәселелері отырысына қатысу Иранның Өнеркәсіп, кен және сауда министрінің Баку сапарының келесі бағдарламалары деп жарияланды.