Венесуэла халқының антиимпериалистік рухы төңкерісті жеңіліске ұшыратты
(last modified Thu, 02 May 2019 09:54:57 GMT )
Maм 02, 2019 15:54 Asia/Almaty
  •  Венесуэла халқының антиимпериалистік рухы төңкерісті жеңіліске ұшыратты

Венесуэланың заңды Президенті бұл елдегі боливарлық революцияшыл халықтың антиимпериалистік рухының 1 мамыр күнге жоспарланған төңкерісті жеңіліске ұшыратқанын айтты.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Николас Мадуро сәрсенбі күні Венесуэланың астанасы Каракаста өз жақтастарының алдында АҚШ пен ішкі оппозиционерлерді елде азаматтық соғыс бастады деп айыптады.

Мадуро АҚШ Мемлекеттік департаментінің Венесуэла істері жөніндегі арнайы өкілі Эллиот Абрамстың боливарлық революция жетістіктерінің желге ұшқаны туралы сөздеріне реакциясында Эллиотты күлкіге айналдырып, «Чавестің жанашыр жақтаушысы» деп атап, оның сөзін ақылға қонымсыз деп атады.

Венесуэла Президенті, сондай-ақ, оның Кубаға қашып кеткені туралы сыбыстарды қастандық ойластырғыш америкалық басшылардың жалған ақпараты деді.

Вашингтонның Венесуэланың ішкі істеріне араласуына қарсылықтың жалғасында Венесуэланың федералдық авиация ұйымы сәрсенбі күні АҚШ ұшақтарының 26000 метрден төмен биіктікте ұшуына тыйым салды.  

Тегтер