Maм 03, 2019 18:16 Asia/Almaty
  • Сенат Трамптың Йеменге қатысты ветосына қарсылық білдіре алмады

АҚШ Сенаты бейсенбі күні Йемендегі соғыста АҚШ-тың саудиялық коалицияға әскери қолдауын тоқтату туралы Конгрестің қаулысына қарсы Дональд Трамптың ветосын қабылдамау үшін тиісті дауыс жинай алмады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Трамптың ветосын қабылдамау үшін үштен екі дауыс (67 дауыс) қажет болғанымен, тек 53 сенатор ғана АҚШ Президентінің ветосын қабылдамауға оң дауыс берді.

Йемендегі соғыста АҚШ-тың саудиялық коалицияға әскери қолдауын тоқтатуды қалаған Конгрестің қаулысы 2018 жылдың 14 наурызында Сенатта 54 оң, 46 теріс дауыс жинап, 2019 жылдың 17 сәуірінде АҚШ-тың Өкілдер палатасында 247 оң, 175 теріс дауыс жинап бекітілген болатын, бірақ Трамп оған вето жариялады.

Саудиялық коалицияның Йеменге басқыншылығы басталғаннан бері АҚШ Сауд Арабиясы мен БАӘ-ге логистикалық және ақпараттық тұрғылардан көмек көрсетіп, әскери қолдау мен қару-жарақ сату арқылы Йеменге басқыншылық жасап жатқан коалицияға демеушілік жасап келеді.

 

Тегтер