Зариф: Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуді қаламайды
(last modified Fri, 17 May 2019 10:49:16 GMT )
Maм 17, 2019 16:49 Asia/Almaty
  • Зариф: Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуді қаламайды

Иран Сыртқы істер министрі Жапонияның "Киодо" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: "АҚШ "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Теһранға қарсы экономикалық санкциялар қолданғаннан кейін Иран Вашингтонмен ядролық келісім жайлы қайта келіссөз жүргізуді қаламайды",-деді.

Жапонияның "Киодо" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша,  Мұхаммад Джавад Зариф Токиода осы агенттікке берген сұхбатында АҚШ-тың басқа елдерге Теһранға қарсы санкцияларға берік болулары үшін қысым жасап жатқанына тоқталып: "Бір зорлықшыл елдің басқа елдерді өзінің бүлдіргі әрекетін ұстануға мәжбүрлеуі тарихта бірінші рет болып отыр. Мұны қарапайым тілде "экономикалық терроризм" деп атайды",-деді.

Зариф, сондай-ақ, осы сұхбатта Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасына берік болғанына қарамастан, Еуропа тараптарын өз міндеттемелерін орындамағаны үшін, ал Жапонияны Теһранға қарсы санкцияларда АҚШ-қа жақтасқаны үшін сынады.