Рухани Қырғызстанға іссапармен барды
ИИР Президенті бейсенбі күні кешке Шанхай ынтымақтастық ұйымының 19-шы отырысына қатысу үшін Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласына барды.
ИИР Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Қырғызстан Премьер-министрі Мұхаммедқалый Абылғазиев Хасан Руханиді Бішкекте қарсы алды.
Сондай-ақ, Хасан Рухани Қырғызстанға барар алдында Теһранда берген сұхбатында: "Иран әрдайым аймақтың бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғауға және сақтауға талпыныс жасап келеді. Аймақтағы көршілес елдердің қауіпсіздігіне қатынасын өткен жылдар барысында іс жүзінде көрсетті",-деді.
Иран Президенті Қырғызстанда Шанхай ұйымының отырысының өткізілуіне тоқталып: "Бұл отырыста аймақтың қауіпсіздік мәселелері мен мүше елдердің қарым-қатынасы талқыланады",-деді.
Рухани Тәжікстанда Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) жиналысы өткеніне тоқталып: "Бұл кеңес Азия аймағында өзара сенім тудырып, әріптестік жасауды көздейтін елдерден тұрады",-деді.