Рухани: Иран Ауғанстанның тұрақтылығы мен дамуын нығайтуға бар күшін салады
(last modified Sat, 15 Jun 2019 13:11:24 GMT )
Маусым 15, 2019 19:11 Asia/Almaty
  • Рухани: Иран Ауғанстанның тұрақтылығы мен дамуын нығайтуға бар күшін салады

ИИР Президенті: "Теһран Ауғанстанның тұрақтылығы мен дамуын нығайтуға бар күшін салады",-деді.

Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хасан Рухани жұма күні Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының 19-шы саммиті аясында Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанимен кездесуінде ИИР-ның өткен 40 жыл бойы әрдайым Ауғанстанның үкіметі мен халқының қасында болғанын және бола беретінін айтып, аймақтың қауіпсіздігі мәселесіне тоқталып: "Өкінішке орай, америкалықтар барлық міндеттемелерін аяқ асты ететіндерін көрсетті. Сондықтан аймақтың тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен дамуын нығайту үшін олардың аймақтан кеткені дұрыс",-деді.

ИИР Президенті, сондай-ақ, есірткі заттарын аймақтың ең үлкен түйткілі деп атап: "Өкінішке орай, Ауғанстанда көкнәр өсіру көбейді. Кабул үкіметі мен халықаралық ұйымдар өзара әріптесіп, осы мәселемен күресу үшін шара ойластыру керек",-деді.

Ашраф Ғани де Иранның аймақтағы орны мен рөлінің маңыздылығын қуаттап: "Ауғанстан Теһранмен барлық салалар бойынша әріптестікті кеңейтуді, соның ішінде Иранның Ауғанстанның бейбітшілік келіссөздерінде көбірек рөл  ойнауын қалайды",-деді.