Рухани: Иран лаңкестіктің әлемнің басқа аймақтарына еніп, таралуына тосқауыл қойды
ИИР Президенті Иранның Сирия мен Ирактағы тәкфирлік лаңкестікпен күрестегі рөліне тоқталып: "Иран лаңкестіктің әлемнің басқа аймақтарына еніп, таралуына тосқауыл қойды",-деді.
Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Хасан Рухани сенбі күні Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында өткен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңеске (АӨСШК) мүше елдердің 5-ші отырысында қатысқан елдердің басшыларына: "Қазіргі жағдайдың шиеленістігіне байланысты АӨСШК-ке мүше елдер қырағы саясат ұстану арқылы біржақтылықпен күресіп, көпжақтылық үдерісін нығайтуы керек",-деді.
Рухани Палестинаның ежелгі түйткілінің аймақ пен әлемде тынышсыздық пен қатігездіктің таралуының ең маңызды факторы екенін айтып: "Халықаралық қауымдастықтың Израиль режимінің заңсыз шараларына және АҚШ-тың өз елшілігін Құдсқа көшіруіне және Голан жоталарының сионистік режимге қосылуын қолдауына көңіл аудармауы осы дағдарысқа жан-жақты әрі әділ шешім жолын табудың бұрыннан да алыстап кетуіне себеп болды",-деп еске салды.
Иран Президенті АҚШ-тың "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасынан шығып, Иранға қарсы заңсыз біржақты санкцияларды қайта салғанына тоқталып: "Иран бір жақты негізде келісімге берік жалғыз тарап болып қала алмайды. Басқа елдер де осы маңызды келісімді сақтап қалуға өз үлестерін қосулары керек ",-деді.