Трамп тағы саудиялықтарға тіл тигізді
(last modified Mon, 24 Jun 2019 13:22:14 GMT )
Маусым 24, 2019 19:22 Asia/Almaty
  • Трамп тағы саудиялықтарға тіл тигізді

АҚШ Президенті Дональд Трамп Вашингтон мен Риадтың қарым-қатынастарын АҚШ-тың аймақтағы мақсаттары саласында кеңейтіп, Сауд режимімен жүздеген миллиард долларлық ірі келісімдерге қол қойып, америкалық компанияларға үлкен пайда әкелді.

 

Бұл салада Трамп NBC арнасына берген сұхбатында: "Ақша алу үшін Сауд Арабиясын қорғау - АҚШ-тың Батыс Азия аймағында орналасуының дәлелдерінің бірі. Вашингтонның бұрынғы кезде Сауд Арабиясын қорғауы үшін ешбір қаржы алмауына керісінше, осы кезде қаржы пайда көріп отыр.  Сауд режимі бізден 400 миллиард долларға қару-жарақ пен басқа  тауар сатып алуда",- деді.  Трамп Парсы шығанағы аймағындағы Вашингтонның араб  одақтастарының тегін өмір сүру кезеңінің аяқталып, енді бұл мемлекеттер  оларды қорғағаны үшін АҚШ-қа қаржы төлеулерімен бірге әртүрлі қару-жарақ, сауда және экономикалық келісімдер арқылы Вашингтон екіжақты қарым-қатынастардан пайда көретін жағдай тудыруы керек деп санайды. Бұл елдер, әсіресе Сауд Арабиясы  қауіпсіздігі үшін қаржы төлеуге міндетті болады. Яғни қауіпсіздікке ие болуы үшін Вашингтонға ақша төлейді. Бұл салада Трамп саудиялық тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманмен телефон арқылы сөйлесуінде саудиялықтар мен оның серіктестерін қорғау үшін шығын шығару қажеттілігін қуаттады. Сауд Арабиясының тақ мұрагері бұл мәселені қабылдады. Трамп үкіметі Парсы шығанағы аймағындағы Иранның қоқан-лоққылары артты деген сылтаумен араб мемлекеттерін одан сайын өзіне тәуелді  етуді көздеуде. Бұл Саалада АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео аймақ сапарын бастап, араб елдерін Иранға қарсы жұмылдырғысы келеді. Трамп Вашингтон мен Риадтың қарым-қатынастарын төмендеткісі келмейтінін және Сауд режимі арасындағы байланыстарды Американың экономикалық мүдделеріне сай жүргізетінін анықтады. Трамп бұл туралы: "Мәселе бір миллион немесе одан артық жұмыс орындарына байланысты. Олар 150 миллиард долларға жабдықтар сатып алады. Ақшасы жоқ және біз көмектесетін елдерден керісінше Сауд Арабиясы  америкалық өнімдерді сатып алуда. Егер АҚш Сауд Арабиясына қару-жарақ сатпаса, олар Ресей мен Қытайдан сатып алады",- деп қосты. Трамп анық түрде АҚШ-ты ақшақұмар және материалдық мүдделерін ойлаушы деп атап, АҚШ-тың азаттық пен адам құқығын қорғау саласындағы ұрандарының жалған болуын әшкереледі. Бұл ұрандар өткен жылдарда Вашингтонның  басқа елдерге араласып, әлем бойындағы соғысқа түрткі болды. Не дегенімен Вашингтон мен Риад қарым-қатынастарына байланысты қарсылықтар тіпті америкалық заң шығарушылардың арасында да артты.

 

Тегтер