Сәу 12, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Аятолла Лариджани Джон Керридің сөзін сынады

Иранның Сот билігінің төрағасы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Ислам Республикасының әскери күш-қуатын шектеу туралы сөздерін негізсіз деп атады.

Иран Телерадио ұйымының хабарлауынша, Иран Сот билігінің төрағасы аятолла Садеқ Амоли Лариджани дүйсенбі күні Иран Сот билігінің жоғарғы басшыларымен өткен отырыста Джон Керридің жуырдағы сөздеріне реакция білдіріп, АҚШ Мемлекеттік хатшысының жуырда Иран мен кейбір елдер туралы айтқан сөздерін қисынсыз деп атады.

Аятолла Амоли Лариджани Керридің Иранның аймақта соғыс тудыру бағытындағы талпынысы туралы сөздері мен Арабстанды Йемен мен Сирияда бейбітшілік орнатуға талпынып жатқан ел ретінде таныстыруына тоқталып: "Адам құқығы атын жамылған осы елдердегі шындықты бұрмалау әрекеттері таң қалдырады. Олардың аузынан шыққан сөздер құдды мағынасын өзгертетіндей" деді.

Иран Сот билігінің төрағасы өткен бір жылдағы Арабстанның Йемендегі қылмыстарына тоқталып: "Сауд әулетінің Йемендегі қылмыстары мен бұл режимнің Сирия мен Ирактағы лаңкестерді қаржылай қолдауы әлем халықтарынан жасырын емес" деді.

Тегтер