Ресей АҚШ-тың Зарифке виза беру үшін қиындық тудыруын айыптады
Ресей Сыртқы істер министрі орынбасары АҚШ-тың Зарифке виза беру үшін қиындық тудыруын айыптап, оны саяси тақырып деп бағалады.
ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметінше, Сергей Рябков сәрсенбі күні АҚШ-тың Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зарифқа виза беру үшін қиындық тудыруын Вашингтонның саяси қысымы деп атады. Сергей Рябков АҚШ пен Ресейдің Женевадағы екіжақты отырысынан кейін: «Мәскеу бұл әрекетті осал деп бағалайды. Өкінішке орай америкалықтар Вашингтонды қолдамайтын басқа елдер өкілдеріне қарсы бұл мәселені қолданады»,- деді. Ресей Сыртқы істер министрі орынбасары бұл оқиғаны ирандықтардың сыртқы саясатының тәуелсіздігі үшін төлеп отырған шығыны деп тапты. АҚШ үкіметі Иран Сыртқы істер министріне виза беру үшін қиындық тудыруынан кейін, бұл аптада БҰҰ-на сапармен келген Иран дипломаттарына жіберліген хатында олардың Нью-Йорктегі қатынасын бірнеше көшемен шектеді.