Трамп Иран туралы тарихқа қайшы уәждер айтты
(last modified Tue, 30 Jul 2019 13:48:55 GMT )
Шіл 30, 2019 19:48 Asia/Almaty
  • Трамп Иран туралы тарихқа қайшы уәждер айтты

Соңғы апталарда әртүрлі тәсілдермен Иранмен келіссөз жүргізу мәселесін көтерген АҚШ Президенті сейсенбі күні Twitter-дегі жеке парақшасында: "Естеріңізде болсын, ирандықтар ешқашан бірде-бір соғыста жеңбеді, бірақ ешбір келіссөзде жеңілмеді",-деп жазды.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп өткен аптада да өз ойынша әділетті келісімге жетуге асықпайтынын айтқан болатын.

Вашингтон басшылары Иранмен келіссөз жүргізуге дайын екенін көрсетуге талпыныстарын жалғастырып жатыр. Соған орай АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео жуырда Теһранға іссапармен баруға әзір екенін мәлімдеді.

Осы жағдайда "New York Times" газеті: "Трамптың Иранмен келіссөз жүргізу үшін жасаған ұсыныстары шынайы емес. Ол өз үкіметінің саясатын дипломатия мен әскери қоқан-лоққы арасында ұстағысы келеді. Ол өз ұсыныстарын орындауға ниетті емес",-деп жазды.

Тегтер