Помпео америкалық күштердің Ауғанстаннан шығарылатыны туралы уәж айтты
АҚШ Мемлекеттік хатшысы: "Дональд Трамп 2020 жылдың қараша айында өтетін президенттік сайлауға дейін америкалық әскерилерді Ауғанстаннан елге қайтарғысы келеді",-деп уәж айтты.
France Press ақпарат агенттігінің Вашингтоннан хабарлауынша, Майк Помпео дүйсенбі күні "Вашингтон экономикалық клубы" (Economic Club of Washington) деп аталатын ұйымға берген сұхбатында "АҚШ-тың келешек президенттік сайлауына дейін Ауғанстандағы әскерилер санының азаятынына үміттене ме, жоқ па?" деген сұраққа жауабында: "Бұл – АҚШ Президенті тарапынан маған берілген нұсқау",-деді.
Қазіргі таңда Ауғанстанда 19 мың америкалық әскери орналасқан.
АҚШ әскери күштерінің 18 жыл бойы Ауғанстанда болуы бұл елдегі қатігездіктер мен лаңкестік әрекеттерді тоқтатуға көмектеспегені былай тұрсын, онда тынышсыздық пен лаңкестіктің артуына себеп болды.