Рухани Макронмен телефон арқылы сұхбаттасты
(last modified Wed, 31 Jul 2019 08:25:17 GMT )
Шіл 31, 2019 14:25 Asia/Almaty
  • Рухани Макронмен телефон арқылы сұхбаттасты

ИИР Президенті сейсенбі күні кешке Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сұхбатында Еуропаның өз міндеттемелерін орындап, Иранмен әріптестік жасау үшін көптеген мүмкіндіктерді қолдан жіберіп алғанын айтып: «Мұнай мен банк саласында қарым қатынасты қалыптандыру – Иранның Еуропадан күтетін бірінші қадам», деп қуаттады.

Иран Президенті баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани осы телефон арқылы сұхбатта АҚШ‑тың экономикалық терроризмінің халықты қажетті тауарлармен қамтамасыз ету саласында адамзатқа қарсы жасап отырған шара екенін айтып: «Қарсы тарап өз міндеттемелерін орындамай отырған кезде Иранның ядролық келісімдегі міндеттемелеріне толық берік болуы – Иран халқы үшін қабылдауға келмейтін жайт»,‑деді.

Рухани Иранның жуырда ядролық келісімге қатысты атқарған шараларына тоқталып: «Теһран үкіметі талай рет айтқандай, Иранның «Ортақ қадам» жан‑жақты бағдарламасындағы міндеттемелерін азайтуға қатысты шаралары Еуропа тарапынан Иранның экономикалық мүдделері қамтамасыз етілген жағдайда тез арада өзінің бұрынғы межесіне қайтып келе алатындай жасалды»,‑деді.   

Макрон осы сұхбатта АҚШ‑тың Иранға қарсы санкцияларын қабылдауға келмейтін біржақты шара деп атап: «АҚШ‑тың санкцияларына қарамастан Еуропа Иранмен экономикалық қарым‑қатынас орнату, соның ішінде қаржы желісін қалыптастыру үшін шешім жолдарын іздестіріп жатыр»,‑деді.