Трамптың Қытаймен сауда соғысы жалғасуда
АҚШ Президенті бейсенбі күні кешке: "Қытайдан импортталатын тауарлардың 300 млрд долларына 10 пайыз тариф салынады",-деп хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дональд Трамп Twitter-дегі жеке парақшасында: "Қытаймен сауда диалогын жалғастырумен бір мезгілде ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жаңа тарифтер салынады",-деп жазды.
АҚШ қазіргі таңда Қытайдан импортталатын тауарлардың 250 млрд долларына 25 пайыз тариф салды. Ал жаңа тарифтер Қытайдан импортталатын барлық дерлік тауарларды қамтитын болады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп протекционистік саясат аясында Қытаймен саудада кедендік тарифтер енгізу арқылы 2018 жылдың маусым айынан бері осы елмен сауда соғысын жүргізіп келеді. Ал Қытай Вашингтонның ең ірі сауда серіктестерінің бірі саналады.