Қазақстан отырысында Сирияның конституциялық комитетін құруға келісілді
(last modified Sun, 04 Aug 2019 09:31:26 GMT )
Там 04, 2019 15:31 Asia/Almaty
  • Қазақстан отырысында Сирияның конституциялық комитетін құруға келісілді

Қазақстанның СІМ Нұр Сұлтан келіссөздерінде Сирияның конституциялық комитетін құруға келісілгенін хабарлады.

Ливанның Al‑Mayadeen телеарнасының хабарлауы бойынша, Қазақстан СІМ Нұр‑Сұлтан қаласында өткен Сирия бейбіт келіссөздерінің он үшінші кезеңінде жылдың соңына дейін Сирияға қатысты жоғары сатыда тағы екі отырыс өткізілуі мүмкін екенін хабарлады.

Қазақстан СІМ хабарлауынша, Нұр‑Сұлтан келіссөздерін кепілдендіруші елдер басшыларының саммиты қыркүйек айында өтеді.

Қазақстан СІМ, сондай‑ақ: «Нұр‑Сұлтандағы Сирия бейбітшілігі келіссөздеріне қатысқан Сирияның оппозициялық топтарының көбі осы елдің Идлиб облысында атысты тоқтату бітімін орнатуға келісті»,‑деп хабарлады.  

Сирия бейбітшілігі үдерісінің он үшінші отырысы бейсенбі күні Иран, Ресей мен Түркияның (Астана процесін кепілдендіруші елдер) келісімгер делегациялары және Сирия үкіметі мен оппозиционерлерінің қатысуымен Қазақстанның астанасы Нұр‑Сұлтан қаласында басталып, екі күнге созылды.  

Бұл келіссөздер 2017 жылдың қаңтар айында Иран, Ресей мен Түркияның бастамасымен Сирияда бейбітшілік орнату мақсатында басталды.

Тегтер