Лариджани: Ауғанстан бейбітшілігіне қатысты кез келген келіссөз Кабулдың бастамасымен өтуі керек
(last modified Sun, 04 Aug 2019 10:20:52 GMT )
Там 04, 2019 16:20 Asia/Almaty
  • Лариджани: Ауғанстан бейбітшілігіне қатысты кез келген келіссөз Кабулдың бастамасымен өтуі керек

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы сенбі күні кешке Теһранда Ауғанстанның Сенат палатасының төрағасы Фазль Хади Муслимъярмен кездесіп: «ИИР Ауғанстан бейбітшілігі келіссөздерін осы ел үкіметі мен халқы басты өзегі болғанда ғана ресми түрде таниды», деп қуаттады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Әли Лариджани Ауғанстанның Иранға көрші, дос әрі бауырлас ел екенін айтып: «ИИР әрдайым Ауғанстан үкіметі қатысып, жетекшілік еткен бейбітшілік келіссөздерін қолдап келді, қолдай береді де»,‑деді.

Лариджани, сондай‑ақ, АҚШ‑тың Ауғанстандағы әрекеттері, соның ішінде Кабул үкіметімен үйлеспестен осы елдегі топтармен келіссөз жүргізуіне тоқталып: «Америкалықтар Ауғанстанда бейбітшілік орнауын қаламайды»,‑деді.

Ауғанстан Сенат палатасының төрағасы да осы баспасөз конференциясында Ислам революциясының жетекшісі, Иран үкіметі мен халқының Ауғанстан үкіметі мен халқын қолдап келе жатқанына алғыс айтып: «ИИР‑ның Ауғанстанды қолдайтыны ауғандықтарға сан рет дәлелденді»,‑деді.