Там 05, 2019 20:28 Asia/Almaty
  • АҚШ-та ішкі терроризмнің таралу ықтималы жайлы ескертілді

2001 жылы 11 қыркүйекте болған шабуылдардан кейін АҚШ өзін лаңкестікпен күрестің туын ұстаушы деп жариялап, әлемнің әртүрлі жерлерінде осы салада көптеген шаралар атқарса да, АҚШ-тың өзінде қарулы шабуылдардың артуы, әсіресе соңғы күндерде жиілеуі бұл елде ішкі терроризмнің таралу ықтималы жайлы ескертулердің жасалуына себеп болды.

Бірінші жағдайда 21 жастағы жігіт сенбі күні мигранттарға қарсы пиғылмен Техас штатында Мексикамен арадағы шекараға жақын орналасқан Эль-Пасо қаласында латынамерикалық мигранттардың келуіне наразылық ретінде оқ жаудырып, 20 адамды мерт қылды. Ол осы қылмыстық әрекетті жасамас бұрын бір әлеуметтік желіде өзінің жиіркенішін білдіретін пост (жазба) қалдырған. Басқа бір оқиғада 24 жастағы жігіт Огайо штатындағы Дейтон қаласында автоматтан оқ жаудырып, 10 адамды өлтірді. АҚШ-тың федералдық полициясы лаңкестік әрекеттер қатарында бағалаған мұндай қанды оқиғалардың тізбегі бұл елде ішкі терроризм құбылысының таралу ықтималы туралы ескертулердің көбеюіне себеп болды.

Осыған орай, АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің лаңкестікпен күрес бөлімінің бұрынғы алты басшысы мәлімдеме таратып, АҚШ-тағы соңғы  қатігездіктер, соның ішінде соңғы атыстарды "ішкі терроризм" деп атаумен қоса, үкіметтің осы оқиғаларға қатысты нақты шаралар атқаруын сұрады.

АҚШ-та ішкі терроризм бірнеше онжылдық бұрын басталған. Осы күнге дейін АҚШ-та наразы топтар мен адамдар ірі лаңкестік әрекеттер жасаған. Солардың ішіндегі ең маңыздысы ретінде 1995 жылы Оклахома-Сити қаласында федералдық ғимараттың жарылуын атауға болады. Оны жасаған федералдық үкіметтің саясаттары мен шараларына наразы ішкі содыр топтар болатын. Осылайша АҚШ-тағы ішкі терроризмнің тамырын көбіне оңшыл көзқарастарға ие содыр топтар мен адамдардан іздестіру керек. Бұл адамдарға АҚШ-тағы штаттық әкімшіліктердің өкілеттіктерін жақтаушылар, федералдық үкіметтің саясаттарына қарсылар, нәсілшіл топтар, нәсілдік және діни азшылықтарға қарсылар, мигранттарға қарсы оңшыл көзқарастарға ие адамдар және елде ақ нәсілдердің үстем болуын қалайтын адамдар жатады. Эль-Пасо қаласында қылмыс жасаған ақ нәсілді шабуылдаушы Патрик Крусиус мигранттарға қарсылығын ашық түрде білдіріп, АҚШ Президенті Дональд Трамптың мигранттарға қарсы саясаттарын қолдайтынын айтты. АҚШ-та 2020 жылы өтетін президенттік сайлауға үміткер демократтар Пит Бутиджидж бен Бето Орук Эль-Пасодағы атысқа реакциясында Трамптың нәсілшіл позициясын осындай оқиғалардың себебі деп атады. Бутиджидж: "АҚШ националист әрі нәсілшіл ақ нәсілділердің лаңкестік шабуылдарының нысанасына айналды. Бұл адамдар осы елдің Президенті Дональд Трамптың қолдауына ие болып отыр",-деді.  Орук бұл жайында: "Трамп президент болған үш жылдың әрбір сәтінде жиіркеніштен туындаған қылмыстардың артқанына куә болдық. Президенті мексикалықтарды "басқыншы әрі қылмыскер" атаған үкіметтің кезеңінде осындай оқиғалар орын алады",-деді.  

Тегтер