АҚШ Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы 15 млн долларлық жүлде тағайындады
(last modified Fri, 06 Sep 2019 09:09:56 GMT )
Қыр 06, 2019 15:09 Asia/Almaty
  • АҚШ Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы 15 млн долларлық жүлде тағайындады

АҚШ үкіметі Ислам революциясы Сақшылар корпусына қарсы сәтсіз шараларын жалғастырып, осы корпус туралы ақпарат үшін 15 млн долларлық жүлде тағайындады.

EuroNews ақпарат арнасының хабарлауынша, АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайты бір хабарламада Ислам революциясы Сақшылар корпусының қаржы айналымын жоюға көмектесетін ақпарат үшін 15 млн долларлық жүлде беруге уәде етті.  

АҚШ Мемлекеттік департаменті, сондай-ақ, бұл мәселенің толығымен құпия сақталатынына, әріптестік жасайтын адамдардың АҚШ-қа келуіне қолдау көрсетілетініне уәде берді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео бұдан бұрынырақ Вашингтонның  Ислам революциясы Сақшылар корпусын сионистік режим үшін АҚШ-тың лаңкестік топтар тізіміне енгізгенін мойындады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусы Ирак пен Сирияда АҚШ пен сионистік режим қолдап отырған лаңкестермен күресте түбегейлі рөл атқарды. Бұл шаралар АҚШ пен сионистік режимге жақпайтыны анық.