АҚШ Иран мұнайының Қытайға экспортының жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдірді
АҚШ Энергетика министрінің орынбасары Вашингтонның санкцияларына қарамастан Иран мұнайының Қытайға экспортының жалғасып жатқанына алаңдаушылық білдірді.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ден Бролит дүйсенбі күні БАӘ-де энергетикаға қатысты бір отырыста Иран мұнайының Қытайға экспортталатына тоқталып: "АҚШ басшылары бұл мәселені Қытай үкіметімен талқылайтын болады",-деді.
АҚШ Қаржы министрінің қаржы және лаңкестік істері жөніндегі орынбасары Сигал Менделкер жексенбі күні, 8 қыркүйекте: "Вашингтон Иранға қысым жасауын жалғастырады. Трамп айтқандай, Иран мұнайына салынған санкциядан босатуға рұқсат берілмейді",-деді.
Бұған қарамастан, көптеген елдер, соның ішінде Қытай Ираннан мұнай сатып алуды жалғастыра беретінін мәлімдеді.