Қыр 11, 2019 19:42 Asia/Almaty
  • Болтон қызметінен босатылды

Ақпарат құралдардағы АҚШ Президенті мен оның Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісінің арасындағы қайшылықтар туралы бірнеше апталық күдіктерден кейін Дональд Трамп Джон Болтонды қызметінен отставкаға жіберді.

Трамп Твиттерде: "Өткен кеште Джон Болтонға Ақ үйдің оның қызметін қажет етпейтінін хабарладым.  Мен және үкіметтегі басқа кейбір адамдар оның кейбір ұсыныстарына қарсы болдық. Сондықтан Джоннан қызметтен кету өтінішін жазуды сұрадым. Ол бүгін таңертең өтінішін берді. Келесі аптада Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі таныстырылады»,- деп жазды. Бұл шешім өткен жылдардағы АҚШ-тың ең соғысқұмар және ең даулы қайраткерлерінің бірінің Ақ үйдегі қызметінен босатылуына әкелді. Болтон Ақ үйге енгеннен бері АҚШ-тың сыртқы саясаты бұрын-сонды болмаған түрде халықаралық ұйымдар, сондай-ақ әлемнің мемлекеттерінің көбіне қарсы жүргізілді. АҚШ Президенті Иранның "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасы деп аталған келісімнен шығуға итермелеу Болтонның Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесші қызметіндегі ең даулы шешімдерінің бірі болды. Бұл әрекетімен АҚШ  өзін саяси оқшауландырды, сондай-ақ Иран АҚШ-тың қысымдарына қарсы саясатымен Трамп үкіметінің шапқыншы ұстанымдарын сәтсіздікке ұшыратты. Негізінде Болтонның Трамп үкіметінің сыртқы саясатына тудырған қиындықтары тек Иран және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасымен шектелмеді. Болтон бұрыннан  халықаралық институттар, олардың ішінде БҰҰ-на қарсы болды. Ол Трамптың  Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып бекітілгеннен бері АҚШ үкіметін халықаралық ұйымдар, олардың ішінде БҰҰ-на қарсы қойып, Халықаралық сотқа қарсы шығып, халықаралық құқы жүйесі мен Адам құқыған қарсы соғысын жариялады. Болтон сондай-ақ Вашингтон-Каракас қарым-қатынастарын дағдарысқа тіреп, Хуан Гуайдоны Венесуэланың Президенті қылып таныстыруына өз үлесін қосты. Болтонның Солтүстік Корея, Қытай мен Ресейге байланысты кеңестері нәтижесіз қалды. Мұның барлығы Трамптың өз үкіметінің сыртқы және қауіпсіздік саясатындағы жағдайдын одан сайын нашарлауының алдын алу үшін Болтонды Ақ үйден шығарды. Айта кететін жәйт, Трамп үшін саяси әшкереленумен аяқталған Талибан басшыларын  Кэмп-Дэвидке жасырын шақыру оқиға да Болтонның нәтижесіз әрекеттері тізіміне тіркелді.

Не дегенімен Трамп алдағы күндері өзінің төртінші Ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесшісін таныстырады. Болтонның орнына кім келерден бұрын Трамп үкіметінің сыртқы және қауіпсіздік саясаттарындағы ықтималды өзгерістер екі есе маңызды. Трамп АҚШ Президенті ретінде өзін Болтонның соғысқұмар ой-пікірлерінен шығара алса,     бұл мәселе бір жағынан 2020 жылдағы президенттік сайлауға   әсерін тигізетін болады және басқа жақтан әлемдік салдарларға да ие бола алады.  

 

Тегтер