Талибан тобы Забуль провинциясындағы лаңкестік жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алды
Талибан тобы Ауғанстанның Забуль провинциясындағы лаңкестік жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алды.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забуль провинциясы кеңесінің басшысы Атажан Хақ Байан: "Бейсенбі күні таңертең осы провинция орталығы Калат қаласында бомба қойылған көліктің жарылысы салдарынан 20 адам қаза тауып, 90-нан аса адам жараланды. Талибан тобы осы жарылысқа жауапкершілікті өз мойнына алды",-деп мәлімдеді.
Ауғанстанның Ішкі істер министрі Носрат Рахими: "Талибан тобы мүшелерінің кеше, сәрсенбі күні елдің шығысындағы Нангархар провинциясының орталығы Джалалабад қаласына шабуылында 4 бейбіт ауған қаза тауып, 12 адам жараланды",-деп хабарлады.