Aramco оқиғасы: Трамп командасының дау-дамайы мен Зарифтің жауабы
АҚШ пен сионистік режимнің йемендіктердің Сауд Арабиясындағы Aramco мұнай өңдеу зауытын нысанаға алуын соғыс амалы деп түсінуін Йемен соғысы аясында мағыналауға болса, бұл амалға Иранды айыптауларын «алдыға қашу» деп түсіну керек.
Йеменнің ұшқышсыз ұшақтары Aramco-ға шабуыл жасағаннан кейін америкалықтардың Иранға қарсы көтерген дау-дамайының бір мақсаты – саудиялық режимді сендіріп, АҚШ-тың осы елді одан ары сауа түсуін қамтамасыз ету. АҚШ-тың Сауд Арабиясына қатысты саясаты мұнайдан түсетін долларларды алуға негізделген. Йемен соғысының жалғасуын да осы аяда бағалау керек.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеоның Сауд Арабиясына іссапармен барып, Сауд режимі Сыртқы істер министрімен ортақ баспасөз конференциясына қатыспай елден шығып кетуі Aramco оқиғасына жалған айыптыны таныстырудың Дональд Трамп үкіметінің саяси-жарнамалық жанжалындай оңай еместігін көрсетті.
Йемендік қарсыласу қозғалысының тежегіш қуаты 2015 жылы соғыс басталған кезбен мүлде салыстыруға келмейді. Бүгінде соғыстың басталғанына 5 жыл өткенде йемендіктердің қорғаныс және тежегіш қуаты Сауд Арабиясы территориясының ішіне де жетті.
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат хатшысы Яхия Сари бұл елдің күніне заманауи технологиялармен жарақталған 6 жергілікті ұшқышсыз ұшақ жасайтынын айтқан кезде теңсіз соғысқа тартылған бұл елдің қазір Aramco мұнай өңдеу зауыты сияқты маңызды өнеркәсіп орталығын нысанаға алатын қуатқа ие болғанын көреміз.
Осы аяда Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат комиссиясының халықаралық қатынастар комитетінің басшысы Камал Дехқани Фирузабади Йемен халқының Aramco мұнай зауытын нысанаға алудағы батыл әрекетіне тоқталып: «Бұл амал барлық әскери мүмкіндіктерге, соның ішінде радарлар мен зымырандарға ие АҚШ-тың абыройын төкті»,-деп баса айтты.
Йеменнің Aramco мұнай өңдеу зауытына ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасауының себебі осы елдегі соғысқа қатысты. Бұл аядан тыс айыпкерді іздестіру Йемен қарулы күштерінің басқыншылық күш-қуатына сенбеумен бірдей.
Бұл жағдай мынаны көрсетеді: Сауд Арабиясының әлсіз шекаралары бұл елдің ішіне де жетті. АҚШ-тың аймақтағы кез келген авантюралық әрекеті осы әлсіздікті одан ары арттыра түседі.
ИИР аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздікті қалайтынын және ешбір соғысты қолдамайтынын, бірақ егер өз шекараларына қауіп төнсе, қорғайтынын әрдайым мәлімдеп келеді.
Осы орайда Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні АҚШ-тың CNN телеарнасына берген сұхбатында америкалық басшылардың кейбіреулерінің соғысқұмар қатынастарына тоқталып, шектеулі шабуыл деген мәселенің жоқтығын айтып: «Иран соғысты мүлде қаламайды, бірақ өзін қорғауда мүдіріп қалмайтыны анық»,-деді.
Иранның тежегіш қуаты жергілікті қарым-қабілетке негізделген және шетелге еш қатысы жоқ. Бұл ИИР-ның Батыс Азия мен Парсы шығанағындағы айбынын көрсетеді.