Джон Керри АҚШ-тың ядролық мәселе жөніндегі келісімді бұзғанын мойындады
АҚШ-тың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы өз сөзінде бұл елдің ядролық мәселеге жөніндегі келісімді бұзғанын мойындады.
Джон Керри жексенбіде CBS арнасына берген сұхбатында Батыс Азия аймағындағы соңғы шиеленістердің себебін Вашингтонның «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шығуы және оған Дональд Трамп үкіметінің жауапты екенін қуаттады. Барак Обаманың президенттік билігінде Мемлекеттік хатшы міндетін атқарған Джон Керри Сауд Арабиясының мұнай зауыттарына жасалған шабуылдан кейінгі шиеленістер туралы: «Осы кезде Вашингтонның сыртқы саясатында «негізгі стратегия мен саясаттың» орыны бос. Біз «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасынан шыққан соң, Иранға қарсы экономикалық соғыс жариялап, бұл елге қарсы мейілінше қысым көрсету саясатты жүргіздік. Сондықтан бұл шиеленістін артатыны анық болды»,- деді.