Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуы керек
(last modified Wed, 25 Sep 2019 09:43:16 GMT )
Қыр 25, 2019 15:43 Asia/Almaty
  • Еуропа «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасындағы міндеттемелеріне табанды болуы керек

ИИР Президенті Рухани сейсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсонмен Нью-Йорктегі кездесуінде еуропалық үш мемлекеттің жуырдағы мәлімдемесі мен Иранды негізсіз айыптау жобасын сынап, еуропалық үш елдің «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының мүшелері ретінде өз міндеттемелерін орындауы қажеттігін қуаттады.

Иран Президентінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Хасан Рухани кездесуде Лондонның Иранға «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының экономикалық пайдасын көру саласындағы өз міндеттемелерін орындамауын сынауымен бірге экономикалық тиімді  жағдай қалыптастыруды «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы міндеттемелерінің бірі екеніне тоқталып, еуропалықтардан аталмыш келісімдегі міндеттемелерін, әсіресе Еуропа мен Иран арасындағы INSTEX деген  арнайы сауда желісін тезірек іске қосуды сұрады.

Ұлыбритания Премьер-министрі Борис Джонсон да Лондонның Теһранмен қарым-қатынастарын жақсартуға мүдделі екенін қуаттап, Ұлыбританияның әрқашан «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын қолдағанын, келешекте де қолдайтынын мәлімдеді.