Тоқаев: Орталық Азия әлемдік стратегиялық аймаққа айналып барады
Қазақстан Президенті Тоқаев Орталық Азия елдерінің ортақ мәдени мұрасына тоқталып, Орталық Азияның әлемдік стратегиялық аймаққа айналып бара жатқанын мәлімдеді.
Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясының 74-ші сесиясында: «Ұзақ уақыт бойы Орталық Азия елдерінің өзара экономикалық қарым-қатынастары әлсіз болғандықтан бұл мәселе олардың тұрақты дамуы үшін кедергі болды. Бірақ бүгінде бұл елдер ортақ мүдделері және қиындықтарына байланысты даму жолына түсті. Осы салада аймақтың бес елі арасындағы сауда, экономикалық инвестиция және халықтарының байланыстары туралы сындарлы саяси келіссөз жүргізу ерекше маңызды болып табылады. Қазақстан Орталық Азияның ірі экономикалық мемлекеті ретінде аймақтың барлық республикасымен ынтымақтастығын арттырғысы келеді»,- деді.