Тоқаев Түркия және Өзбекстан Президенттерімен аймақ мәселелері жөнінде кеңесті
(last modified Wed, 16 Oct 2019 13:00:13 GMT )
Қаз 16, 2019 19:00 Asia/Almaty
  • Тоқаев Түркия және Өзбекстан Президенттерімен аймақ мәселелері жөнінде кеңесті

Қазақстан Президенті Тоқаев Түркия және Өзбекстан Президенттерімен кездесуінде аймақ өзгерістері мен әлемдік мәселелер жөнінде сөйлесті.

 

Fars News агенттігінің мәліметі бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев сейсенбі күні Бакуде өткен Түркітілдес елдердің ынтымақтастығы кеңесінің отырысы аясында Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен кездесіп, лаңкестікпен күрес, аймақты қауіпсіздік, бейбітшілік және тұрақтылықпен қамтамасыз ету керектігін баса айтты. Кездесуде Тоқаев пен Ердоған түркітілдес елдердің қазіргі жағдайы мен интеграциясының келешегі туралы пікір алмасты.

Қазақстан Президенті сонымен бірге Өзбекстан Президенті  Шавкат Мирзиёевпен кездесуінде Нұр-Сұлтан мен Ташкентті өте жақын әрі маңызды серіктес деп атап, екі елдің арасындағы сауда айналымы екі жарым миллиард долларға жеткенін айтты.