Рухани: АҚШ-тың соғысқұмарлығы терроризм отын өршітті
(last modified Sat, 26 Oct 2019 08:27:07 GMT )
Қаз 26, 2019 14:27 Asia/Almaty
  • Рухани: АҚШ-тың соғысқұмарлығы терроризм отын өршітті

ИИР Президенті Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының саммитында сөйлеген сөзінде АҚШ-тың біржақты саясаттарын әлемнің әртүрлі аймақтарында лаңкестіктің пайда болуының негізгі факторы деп атады.

 

ИИР Президенті аппараты баспасөз қызметінің хабарлауынша,  Хасан Рухани жұма күні Әзірбайжан астанасы Бакуде Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының 18-ші саммитында сөйлеген сөзінде: "АҚШ-тың соғысқұмарлығы басқа елдерге миллиардтаған доллар шығын әкеліп, жікшілдік пен лаңкестіктің тамыр жаюына себеп болды.

Қосылмау қозғалысы халықтың қолдауы және халықаралық қауымдастықтағы өз  дауысын назарға алып, әлемде күш-қуаттың жаңа бір полюсін оңай қалыптастыра алады",-деді.

Рухани, сондай-ақ, аймақтағы жуырдағы бейберекеттіктер туралы: "Бұл дағдарыстардан шығудың жалғыз жолы – халықтардың өз тағдырын анықтаудағы құқығына құрметпен қарап, бір-бірінің ішкі істеріне араласпау туралы міндеттемелерге берік болу және әріптестік пен диалогқа қолайлы жағдай жасау.  

Иран БҰҰ Бас ассамблеясында аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығын сақтау үшін "Ормұз бейбітшілік шарасы" атты жоба ұсынды. Бұл жобаның мақсаты – Парсы шығанағы мен Ормұз бұғазы аймағындағы елдер арасында бейбіт әрі достық қарым-қатынас орнатып, өзара түсіністік қалыптастыру, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтып, дамуды жоғарылату",-деді.