Мәскеу әл-Бағдадидың өлімі туралы хабарға күмән білдірді
Қаз 28, 2019 19:18 Asia/Almaty
Ресей АҚШ армиясы операцияларында ДАИШ лаңкестік тобы қолбасшысының өлгені жөніндегі қарама-қайшы мәліметтерге тоқталып, бұл хабардың шынайылығына күмән білдірді.
Fars ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Ресей Қорғаныс министрлігі АҚШ армиясының Абу Бакр әл-Бағдадидың жасырын мекеніне шабуыл жасағаны туралы мәліметке ие емес екенін хабарлап: "АҚШ-тың әрекеті жөніндегі қарама-қайшы хабарлар бұл әрекеттің сәтті болғанына қатысты күдікті арттырады",- деді. Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарлауы бойынша, америкалық немесе ДАИШ-ке қарсы коалицияның әскери ұшақтары өткен күндері Идлибте әскери шабуыл жасамаған.
Тегтер