Өзбекстан мен Қазақстан шекара демаркациясы туралы кезекті келіссөз өткізді
(last modified Sun, 24 Nov 2019 10:01:51 GMT )
Қар 24, 2019 16:01 Asia/Almaty
  • Өзбекстан мен Қазақстан шекара демаркациясы туралы кезекті келіссөз өткізді

Өзбекстан мен Қазақстан Нүкіс қаласында екі елдің шекара басшыларының қатысуымен шекара демаркациясы туралы кезекті келіссөз өткізді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, сенбі күні өткен келіссөз аясында тараптар Өзбекстанның Науаи облысы мен Қарақалпақстан автономды республикасының Қазақстанның Ақтөбе, Қызыл-Орда және Маңғыстау облыстарымен шектесіп жатқан мемлекеттік шекарасының демаркациясы туралы қорытынды құжат дайындады.

Кездесуде Өзбекстан мен Қазақстан мемлекеттік делегацияларының 2020 жылы өткізетін отырыстарының кестесі бекітілді.

Осы мәліметке сәйкес, Өзбекстан мен Қазақстанның мемлекеттік шекаралар демаркациясы туралы келіссөздері достық кеңістікте өтті.

Өзбекстан мен Қазақстан 2203 км ортақ шекараға ие. 

Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан мен Қазақстан республикаларының қарым-қатынасы шекаралық мәселелерге байланысты анда-санда шиеленіседі. Бұл тақырып аймақтық және трансаймақтық алпауыттардың Орта Азияның ісіне қасақана араласуы үшін сылтау болады.