Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысы өтеді
(last modified Tue, 26 Nov 2019 10:03:36 GMT )
Қар 26, 2019 16:03 Asia/Almaty
  • Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысы өтеді

Венада орналасқан халықаралық ұйымдардағы Иранның тұрақты елшісі 6 желтоқсанда Венада «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасының ортақ комиссиясы отырысының өтетінін хабарлады.

Казем Ғарибабади кеше дүйсенбі күні «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының отырысы Иран және келісімге қол қойған басқа елдердің қатысуымен 6 желтоқсанда өтетінін хабарлады. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы ортақ комиссиясының соңғы отырысы 2019 жылдың 28 маусымында Франция, Британия, Германия және Иранның талабымен Венада өтті.

Ғарибабади сондай-ақ ОПЕК-ке мүше елдер Мұнай министрлерінің отырысының да Иранның Мұнай министрі және басқа елдердің Мұнай министрлерінің қатысуымен Венада 4 желтоқсанда өтетінін хабарлады.