Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екіжақты байланысты нығайтуды қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i44451-Қазақстан_мен_Қырғызстан_басшылары_екіжақты_байланысты_нығайтуды_қуаттады
Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екіжақты мәселелер мен ынтымақтастықтарды қарастыру мақсатында кездесті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 28, 2019 17:06 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екіжақты байланысты нығайтуды қуаттады

Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екіжақты мәселелер мен ынтымақтастықтарды қарастыру мақсатында кездесті.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша кездесуде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков: «Қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестіктері екі ел халқының мүддесіне деп санаймын. Себебі Қырғызстан мен Қазақстан ­­­­­ бауырлас елдер», - деді.

Кездесуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та шекара мәселелері, Еуразия экономикалық одағы аясында инфрақұрылымдарды дамытып, ынтымақтастықтарды арттыруды екіжақты әріптестіктердің негізгі секторлары деп атап: «Қазақстан – Қырғызстанның негізгі үш сауда серіктесінің бірі. Бішкек Астананың Орта Азиядағы екі негізгі сауда серіктесінің бірі. 2015-2018 жылдары екі елдің сауда айналымы отыз пайызға артып, 900 млн долларға жетті», - деді.