Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екіжақты байланысты нығайтуды қуаттады
Қазақстан мен Қырғызстан басшылары екіжақты мәселелер мен ынтымақтастықтарды қарастыру мақсатында кездесті.
Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша кездесуде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков: «Қырғыз-қазақ стратегиялық серіктестіктері екі ел халқының мүддесіне деп санаймын. Себебі Қырғызстан мен Қазақстан – бауырлас елдер», - деді.
Кездесуде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та шекара мәселелері, Еуразия экономикалық одағы аясында инфрақұрылымдарды дамытып, ынтымақтастықтарды арттыруды екіжақты әріптестіктердің негізгі секторлары деп атап: «Қазақстан – Қырғызстанның негізгі үш сауда серіктесінің бірі. Бішкек –Астананың Орта Азиядағы екі негізгі сауда серіктесінің бірі. 2015-2018 жылдары екі елдің сауда айналымы отыз пайызға артып, 900 млн долларға жетті», - деді.