Ауғанстан Парламенті Ашраф Ғанидан халықтан кешірім сұрауды талап етті
Ауғанстан Парламенті елдің Президентінің "Баграм" базасында америкалық әріптесі Дональд Трамппен кездесуін сынап, Ашраф Ғанидан Ауғанстан халқынан кешірім сұрауды талап етті.
Ауғанстан Парламенті мүшелері Ашраф Ғанидың Трамппен "Баграм" базасындағы кездесуін ел халқына көрсетілген құрметсіздік деп атады.
Парламент отырысында бірқатар өкіл: "Ашраф Ғанидың Трамппен кездесу үшін "Баграм" әскери базасына баруы Ауғанстанның тәуелсіздігіне сызат түсіріп, ел халқына көрсетілген құрметсіздік болды",- деп қуаттады.
28 қарашады АҚШ Президенті Дональд Трамп Ауғанстанға келген тосын сапарында "Баграм" әскери базасында ел Президенті Ашраф Ғани және Қорғаныс министрі Асадолла Халедпен кездесті. Трамптың Ауғанстан сапары және Ашраф Ғанимен кездесуі бұл елдің қоғамдық ой-пікірі, ақпарат құралдары және танымал тұлғаларының қатаң сынымен бетпе-бет келді. Парламент мүшелерінің Трамптың алдын-ала жарияланбаған "Баграм" әуе базасына сапары ағымында Ауғанстанның тәуелсіздігіне сызат түсіргені үшін Ашраф Ғанидан елдің халқынан кешірім сұрауын талап етуі ел халқы мен өкілдерінің АҚШ Президентінің Ауғанстан халқына тіл тигізуіне ызасын білдіреді. Кабулдағы халықаралық қарым-қатынастардың маманы Ахмад Саиди: "Ашраф Ғани – Ауғанстан Президенті және халықтың өкілі. Сондықтан оның америкалық "Баграм" базасына баруы мен қатынас орнату тәсілі қате болды",- деді. Ауғанстан халқы мен әртүрлі тұлғалары Ашраф Ғанидың "Баграм" базасына баруының дұрыс еместігі мен Трамппен кездесудің елдің президенттік сарайында өтуі қажеттігін қуаттап, АҚШ Президентінің әрекетін дискриминация деп атады. "Баграм" әскери базасында Ауғанстан Президентінің сөзі аяқталған соң Трамп америкалық әскерилерден Ашраф Ғани үшін орын ашуды сұрап, ол әскерилердің ортасында АҚШ Президентінің артына барып тұрды. Бұл мәселе Ауғанстан халқының әлеуметтік желілерде ашу-ыза білдіруіне себеп болды. Ауғанстандағы саяси белсенді әрі президенттік сайлаудың үміткері Абдулатиф Педрам: "Трамп ұлт көшбасшысы болуы туралы уәж айтатын адам Ашраф Ғаниға қасақана құрметсіздік көрсетіп, әлемге ауған үкіметінің ешқандай мәртебесі жоқ екенін көрсетті",- деді.
Ауғанстан Парламентінің өкілдері Трамптың "Баграм" әуе базасына тосын әрі жасырын сапары кезіндегі Ауғанстан Президентінің әрекеттеріне реакция білдіріп, Ашраф Ғаниден ел халқынан кешірім сұрау арқылы ұлттық егемендік пен дипломатиялық заңдарға қайшы әрекетіне байланысты халықтың ашуын басуды талап етті.