Жел 05, 2019 19:26 Asia/Almaty
  • Путин: Америка ғарышта әскери операциялар өткізуді көздеп отыр

Ресей президенті Американың ғарышты әскерилендіру әрекетін сынап, Мәскеудің де ғарыш күштерін дамытуға мәжбүр болуы мүмкін екенін ескертті.

Рейтер агенттігінің хабарлауы бойынша сәрсенбі күні Сочиде сөз сөйлеген Путин: «Америка өзінің ғарыш күштерін ғарышта күшті операцияларды жүзеге асыру үшін жылдам дамытып жатыр. Америка ғарышты соғыс алаңы санайды. Мәскеу ғарышты әскерилендіруге қатаң қарсы. Бірақ Американың бұл әрекеті бізді де ғарыш әскери күштерімізді дамытуға мәжбүрлейді», - деді.

Америка президенті Трамп биылғы жылдың басында жарлыққа қол қойып, елінің Қорғаныс министрлігіне ғарыш күштерін елдің алтыншы қарулы күштері ретінде құруға бұйырды.

 

Тегтер