Америка Иранға тағы санкция салды
(last modified Thu, 12 Dec 2019 10:34:49 GMT )
Жел 12, 2019 16:34 Asia/Almaty
  • Америка Иранға тағы санкция салды

Америка Үкіметі күш көрсету саясаты мен заңсыз әрекеттерінің жалғасында Иран мен осы елдің сауда серіктестеріне тағы санкция салды.

Fars News агенттігінің хабарлауы бойынша Американың Қаржы министрлігі сәрсенбі күні мәлімдеме жариялап, «Ираннан Йеменге қару-жарақ тасымалдауға қатысты» деген бір желіге санкция салғаны туралы уәж айтып, Иранмен байланысты бір жеке тұлға мен бес мекеме және екі кемені санкциялар тізіміне енгізгенін мәлімдеді.

Мәлімдемеде санкцияға іліккен адам Ислам революциясы Сақшылар корпусымен байланыста болған деп хабарланды.

Американың Қаржы министрлігі сонымен қатар БАӘ мен Қытайдағы әуе және туристік қызмет көрсету саласындағы үш компанияны Иран әуе компанияларымен байланыста болды деген сылтаумен санкция тізіміне енгізді.

Теһран мен Оманда орналасқан екі кеме компаниясы да Американың жаңа санкцияларының тізіміне енді.

Американың Қаржы министрлігі GENAVEH 11 және GENAVEH 12 деген екі кемені де ИИР-мен сауда саласында серіктестік жасады деген айыппен санкцияларының тізіміне қосты.