Жел 15, 2019 20:41 Asia/Almaty
  • АҚШ Қаржы министрі санкция салу мен доллар туралы уәж айтты

Трамп үкіметінің біржақты саясаттары мен шаралары, әсіресе АҚШ-тың бәсекелестері мен дұшпандарына қарсы санкция салуы, тіпті АҚШ-тың одақтастарына санкция салу туралы қоқан-лоққы жасауы көптеген елдердің Вашингтонның санкцияларды теріс пайдаланып, долларды басқа елдерге қысым жасау құралы ретінде қолдануын сынауына себеп болды. Осындай жағдайда Вашингтон бұл мәселені теріске шығарып отыр.


 

АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучин бір сөзінде долларлық қоры бар елдерді шектеу қоюмен қорқытып, Иран мен Солтүстік Кореяға қарсы экономикалық  соғысты қолдады, бірақ қарама-қайшы сөздерінде АҚШ-тың долларды қару ретінде пайдаланбайтынын айтты. Мнучин 14 желтоқсанда: "Доллар мықты, өйткені АҚШ-тың экономикасы мықты. Халық доллар мен оның қауіпсіздігін сақтауды қалайды. Сол себепті санкцияны өзекті жауапкершілік санаймыз. Шын мәнінде салған санкцияларымыздың барлығын қолдаймыз. Ашық айтуға рұқсат етіңіздер, біз АҚШ долларын қару ретінде қолданбаймыз",-деді.

Дегенмен АҚШ  Солтүстік Корея, Иран мен Венесуэла сияқты елдерге қысым жасау үшін бұл елдермен доллар арқылы сауда жасауға тыйым салып, бұйрықты орындамағандарға ауыр жаза белгіледі.  Қытай тауарларына бірнеше жүз миллиардтық тариф белгілеуі мен Иранға санкциялар салу – сауда-экономикалық соғыстың айқын дәлелдері.

Мнучиннің айтуынша,  Иран сияқты елдерге санкция салу соғыстың алдын алу шаралары ретінде қолданылады. Трамп үкіметі жартылай ауыр күш, яғни экономикалық  құдірет пен санкция құралын көп жағдайларда ауыр күш, яғни әскери құдіреттің орнына қолданады. Шын мәнінде АҚШ Трамп билігі кезінде санкция мен долларды құрал ретінде пайдалануды елдің сыртқы, қауіпсіздік және экономикалық саясатының басты тәсілі етіп алды.  

АҚШ Қаржы министрі Мнучин сөзінің келесі бір бөлігінде АҚШ-тың долларды құрал ретінде пайдаланып отырғанын мойындап: "Солтүстік Корея мен Иран немесе басқа кез келген елге қатысты санкция қолдану жауапкершілігін қатты сезінеміз. Долларды қолданатын адамдарға шектеу қоюға құқығымыз бар. Бірақ егер ұзақ уақыт бақыламасақ, адамдар басқа валюта түрлерін қолдана бастайды",-деді.

Шын мәнінде көптеген елдер АҚШ-тың долларды теріс пайдалануынан мынадай нәтиже шығарды: АҚШ-тың қаржы жүйесі мен долларға тәуелділікті қалай да азайту керек. Сол себепті көптеген елдер АҚШ-тың бәсекелестері немесе одақтастары болғанына қарамастан, долларды шетке ысырып, шетелдік саудада басқа валюталарды қолдануға шара ойластырып жатыр. Бұл мәселе халықаралық қаржы қорында доллардың үлесінің азайып, еуро сияқты валюталардың үлесінің артуына себеп болды.  

 

Тегтер