Қазақстан Сыртқы істер министрі Мадридте Еуропа және Қытай басшыларымен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i44702-Қазақстан_Сыртқы_істер_министрі_Мадридте_Еуропа_және_Қытай_басшыларымен_кездесті
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мадридтегі Азия мен Еуропа Сыртқы істер министрлерінің 14-ші отырысы аясында Еуроодақтың сыртқы саясаты мен қауіпсіздік істері жөніндегі басшысы және Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесіп, пікір алмасты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 17, 2019 15:51 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сыртқы істер министрі Мадридте  Еуропа және Қытай басшыларымен кездесті

Қазақстан Сыртқы істер министрі Мадридтегі Азия мен Еуропа Сыртқы істер министрлерінің 14-ші отырысы аясында Еуроодақтың сыртқы саясаты мен қауіпсіздік істері жөніндегі басшысы және Қытай Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесіп, пікір алмасты.

 

Мұхтар Тілеуберді Жозеп Боррельмен кездесуінде оны Еуропа комиссиясының басшысы әрі Еуроодақтың жоғары өкілі болып сайлануымен құттықтап, Еуропа Кеңесінің төрағасы Доналдь Тусктің Қазақстанға сапарын Нұр-Сұлтан мен Брюссельдің жоғары деңгейдегі келіссөздері үшін ерекше маңызды деп бағалады.

Боррель де Қазақстанның  Орталық Азия аймағындағы маңызды рөлін қуаттап, Нұр-Сұлтанның Ауғанстанда бейбітшілік орнату талпынысына ризашылығын білдірді. Жозеп Боррель келесі жылы Нұр-Сұлтанға келуге әзір екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Қытай Сыртқы істер министрлері Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметінің ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы Бейжің сапарының жан-жақты стратегиялық серіктестік құру нәтижесіне ризалық білдірді.