АҚШ ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға көшіріп жатыр
(last modified Wed, 18 Dec 2019 14:15:48 GMT )
Жел 18, 2019 20:15 Asia/Almaty
  • АҚШ ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға көшіріп жатыр

Ресей Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Ауғанстанның әртүрлі аймағындағы лаңкестік топтардың кең ауқымды және алаңдатарлық әрекеттеріне тоқталып, АҚШ-тың ДАИШ лаңкестерін Ауғанстанға көшіріп, оларға қолдау көрсетіп жатқанын айтты.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша Николай Патрушев бүгін сәрсенбі күні Теһрандағы аймақ қауіпсіздігі жөніндегі келіссөздердің екінші отырысында АҚШ-тың Ауғанстанда бұрыннан орналасқанына сілтеме жасап: "АҚШ-тың Ауғанстанда шамамен 18 жылдан бергі орналасуынан кейін елде тұрақсыздық пен тынышсыздықтар артып, қантөгіс пен Ауғанстанның жазықсыз халқының қырылуы тоқтамай отыр. Соңғы мәліметтер бойынша Ауғанстанда 2500-4000 ДАИШ лаңкесі жүр",- деді. Ол Ауғанстандағы есірткі өндірісінің артуын аймақтағы лаңкестікті қаржымен қамтамасыз ететін табыс көзінің бірі деп атап: "Жыл сайын есірткі өндірісі мен саудасынан түскен қаржының  шамамен 600 млн доллары аймақтағы лаңкестік ағымдардың қолына түседі",- деді.