Рухани: Ислам әлемі Американың қаржы жүйесінен құтылатын шара ойластыруы керек
ИИР президенті Хасан Рухани: «Ислам әлемі республикалық және халықаралық деңгейлерде жаңадан пайда болған түйткілдермен бетпе-бет келіп отыр. Ислам әлемі Американың доллары мен қаржы жүйесінен құтылатын шара ойластыруы керек»,-деді.
Хасан Рухани бүгін бейсенбі күні Малайзияның астанасы Куала-Лумпурдағы Ислам елдері басшылары саммитінің ашылу салтанатында мәдени, болмыстық, қауіпсіздік және артта қалу мен экономикалық түйткілдерді ислам әлемінің ұлттық және халықаралық деңгейлердегі жаңадан пайда болған мәселелері деп атады.
Иран президенті ұлттық және исламдық болмысты әлсірету қатері мен бөгде мәдениеттердің үстемдігін ислам әлемі үшін шынайы қатер деп атап, Сирия мен Йемендегі соғысты, Ирак пен Ливан, Ливия мен Ауғанстандағы бүліктер мен тынышсыздықтарды осы елдердің ішіндегі әсірешілдік пен шетелдіктердің араласушылық әрекеттерінің құрамдас салдары деп сараптады.
Рухани Палестинаның әлі де ислам әлемінің басты мәселесі екенін баса айтып: «Палестина мәселесіне немқұрайдылық танытып, жанама мәселелерге көңіл аударып, жік салу үлкен бұрмалаушылық болады», - деді.
Рухани сонымен қатар ислам елдері арасындағы технология саласындағы ынтымақтастықтарды қаржылай қамтамасыз ету үшін Куала-Лумпур саммитінің ортақ қорын, «жасанды интеллект» технологиясы саласында бірлескен зерттеу орталығын, сондай-ақ, сандық экономика саласында ислам елдерінің ортақ нарығын құруды ислам елдері арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық үшін жүзеге асыратын үш жоба ретінде ұсынды.