Жапония Премьер-министрі Иран Президентін ресми түрде қарсы алды
https://itolqyn.com/news/world-i44746
Жапония Премьер-министрі жұма күні осы елдің Премьер-министр сарайында ИИР Президентін ресми түрде қарсы алды.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Жел 20, 2019 19:57 Asia/Almaty
  • Жапония Премьер-министрі Иран Президентін ресми түрде қарсы алды

Жапония Премьер-министрі жұма күні осы елдің Премьер-министр сарайында ИИР Президентін ресми түрде қарсы алды.

Бұл рәсімде алдымен екі елдің әнұраны шырқалды, Хасан Рухани мен Синдзо Абэ сарай алдында сап түзеген құрмет парадын тамашалап, екі ел делегациясы қос басшыға таныстырылды.

Ресми қарсы алу рәсімінен кейін Рухани мен Синдзо жеке кездесіп, артынан екі елдің жоғары мәртебелі делегацияларының ортақ келіссөзі өтті.

ИИР Президенті мен ирандық делегация бүгін кешке Руханидің құрметіне берілетін Жапония Премьер-министрінің кешкі асына қатысады.