Жел 20, 2019 21:14 Asia/Almaty
  • Малайзияда исламдық күш-құдірет пен дипломатия көрсетілді

ИИР Президентінің Малайзияға сапары, ислам елдері басшыларының саммитінде сөйлеуі және "Куала-Лумпур-2019" саммитінің "Дамудың басым бағыттары және түйткілдер" тақырыбындағы басқосуында сөз сөйлеуі исламдық-азиялық әріптестік, интеграция мен күш-құдіреттің маңызын көрсетеді.

Иран Азия құрлығындағы маңызды ел ретінде өткен 40 жылда ғылымның әртүрлі салаларында, әсіресе нано мен биотехнология сияқты жаңа ғылымдар саласында маңызды жетістіктерге қол жеткізді.

Азия құрлығындағы басқа ислам елдерімен осы тәжірибе алмасу жақсы нәтиже беріп, бұл елдердің АҚШ-тың біржақтылығына ұшыраған әлемдегі құдіреті мен ықпалын арттыра түседі.

ИИР Президенті  Хасан Рухани бейсенбі күні "Куала-Лумпур-2019" саммитінің "Дамудың басым бағыттары және түйткілдер" тақырыбындағы басқосуында сөйлеген сөзінің бір бөлігінде: "Ислам әлемін дамыту шешімі ынтымақтастыққа негізделген. Ислам елдері әріптестік жасауы керек. Ислам әлемінде ынтымақтастық жасайтын сала өте көп",-деді.

Азия құрлығындағы ислам елдері ауқымды әріптестік жасайтын зор әлеуеттерге ие. Экономика, ғылым, мәдениет, қорғаныс және тіпті туризм салаларындағы әріптестік ислам әлемінің құдіреті мен ықпалының артуына септігін тигізеді.

Иран, Малайзия, Индонезия, Түркия мен Пәкістан маңызды ислам елдері ретінде әртүрлі салалардағы маңызды да сәтті тәжірибелері мен қарым-қабілеттерімен бөлісу арқылы бір-бірінің қажеттіліктерін өтеп қана қоймай, әлемдік деңгейде ықпалды күшке айналады.

Доллар монополиясы, апартеид немесе әлемдегі ғылыми кемсітушілік сияқты кейбір монополистік қатынастарды ескеріп, ислам елдері өзара әріптестік арқылы қазіргі әлемдегі үстемшіл қатынастың әсерін жоя алады.

Осы бағытта ИИР Президенті Куала-Лумпурдағы ислам елдері басшыларының саммитінде ислам елдерінің әсерлі әріптестігі үшін үш маңызды ұсыныс жасады.

Ислам елдері арасында технологиялық ынтымақтастықты қаржылай қамтамасыз ету үшін Куала-Лумпур саммитінің ортақ қорын құру, әлемдік құндылықтар тізбегіне күшті болып кіру мақсатында "жасанды интеллект" технологиялары саласында бірлескен зерттеу орталығын құру, барлау мен байланысқа қатысты салааралық технологияларда алдын алу шараларын жасау үшін киберлік қауіпсіздікті сақтау, соңында сандық экономика саласында ислам елдерінің ортақ нарығын құру – ИИР Президентінің үш ұсынысы. Бұл ұсыныстар орындалса, ислам әлемінде ықпалды да әсерлі полюс қалыптасады.

Ислам елдері мәдениет, тіл, дін мен өркениет салаларындағы көптеген ортақтықтарына байланысты қазіргі әлемде әртүрлі салалар бойынша үлгілі қатынас көрсетіп, әлемнің саяси-экономикалық және мәдени қарым-қатынасын басқаратын  қуатты органға айнала алады.  

Ислам елдері арасында ортақ банк пен темір жол тасымалы мен туристік желілер қалыптастыру осы елдердегі зор әлеуеттердің қатарына жатады. Бұл ұсыныстардың әрқайсысын орындау аталмыш елдерді біріктірумен қатар, ислам әлемінің халықаралық деңгейдегі саяси-экономикалық ықпалы мен күш-қуатын арттырады.

 

Тегтер