Рухани: Иран украиналық ұшақтың құлау себебін анықтау үшін халықаралық әріптестікті қолдайды
ИИР Президенті: "Теһран халықаралық заңдар аясында украиналық ұшақтың құлау себебін нақты анықтауға бағытталған кез келген халықаралық әріптестікті қолдайды",-деді.
Хасан Рухани сенбі күні кешке Канада Премьер-министрі Джастин Трюдомен телефон арқылы сұхбатында украиналық ұшақтың апатқа ұшырағанына өкініш білдіріп: "Бұл оқиғаның себептерін анықтау үшін маңызды зерттеулер жүргізілді. Қорытынды нәтижеге жету үшін қосымша зерттеулер тез және нақты атқарылып жатыр",-деді.
Рухани, сондай-ақ, Батыс Азия аймағындағы қауіпсіздіктің АҚШ-тың араласушылықтары салдарынан қатерлі деңгейге жеткенін айтып: "Бұл аймақтың қауіпсіздігі тек көршілес елдердің әріптестігімен қамтамасыз етіледі",-деді.
Джастин Трюдо телефон арқылы сұхбатта украиналық ұшақ апатында бірқатар ирандықтың қаза тапқанына көңіл айтып: "Канада осы оқиғаға қатысты зерттеу жүргізу үшін Иранмен кез келген әріптестік жасауға әзір",-деді.