Боррелл: Иранға қарсы санкцияларды қайтару қарастырылып жатқан жоқ
(last modified Thu, 16 Jan 2020 10:56:26 GMT )
Қаң 16, 2020 16:56 Asia/Almaty
  • Боррелл: Иранға қарсы санкцияларды қайтару қарастырылып жатқан жоқ

Еуроодақтың сыртқы саясат жөніндегі басшысы Еуропаның Иранға қарсы санкцияларды қайтаруды қарастырып жатпағанын айтты.

Джозеф Боррелл сәрсенбі күні Франция, Германия мен Ұлыбританияның Иранға қарсы мәлімдемесіне реакциясында: "Бұл мәлімдеменің мақсаты –  шешім жолдарын табу және "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасының баптарын толық сақтауға қайта оралу",-деді.

Иран Сыртқы істер министрінің саясат жөніндегі орынбасары Аббас Арақчи сәрсенбі күні Теһранда Хорватия елшісі Драго Штамбукпен кездесуінде үш еуропалық елдің "Ортақ қадам" жан-жақты бағдарламасындағы қайшылықтарды шешу механизміне жүгінуін қолайсыз кездегі қате шешім деп атады. Хорватия Еуроодақта кезеңдік төраға міндетін атқаруда.   

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Аббас Мусави кездесуінде ядролық келісімдегі үш еуропалық елдің қайшылықтарды шешу механизмін іске қосуға талпыныстары туралы: "Өкінішке орай, өткен бір жылда еуропалық тараптар осы бағдарламадағы өз міндеттемелерін орындауда қауқарсыздық танытты",-деді.