Трамптың Давос форумында сөйлеген негізсіз сөзі
(last modified Thu, 23 Jan 2020 15:31:56 GMT )
Қаң 23, 2020 21:31 Asia/Almaty
  • Трамптың Давос форумында сөйлеген негізсіз сөзі

АҚШ-тың жанжалды Президенті Дональд Трамп сауда-экономика саласындағы жетістіктерін үнемі өз билігінің табысы ретінде көрсетеді. Әсіресе Трамптың АҚШ пен әлемнің ірі экономикаларының бір-біріне қарсы тұруына себеп болған экономикалық протекционизм саясаты әрқашан Трамптың сауда саласындағы іс-әрекеттерінің үлгісіне айналды.

 

Трамп 22 қаңтар, сейсенбі күні Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінде АҚШ-тың экономикалық жағдайы туралы мақтанып, алдыңғы екі үкіметке қарағанда өз билігі кезінде АҚШ-тың экономикалық жағдайы айтарлықтай жақсарғанын мәлімдеп: "Сауда саласындағы әр келісімге байланысты қабылданған шешім АҚШ халқының тұрмысын жақсаруын мақсат етті",- деді. Ол асыра сілтеуші социалистерге АҚШ экономикасын жоюға рұқсат етпейтіні туралы уәж айтты. Трамптың уәждеріне қарамастан, статистика мен АҚШ-тың экономикалық көрсеткіштері   жұмыспен қамтудың жақсаруына қарамастан, басқа салаларда үлкен кемшіліктері бар екенін көрсетеді. Мәселен, статистика  АҚШ-тың сауда теңгерімі тапшылығы 2019 жылдың алғашқы 9 айында өсіп, 500 миллиард долларға жеткенін көрсетеді. Трамп өз сөзінде АҚШ-тың әлемнің басқа ірі экономикалары арасындағы соғыста жеңіске жеткенін мәлімдеді. Халықаралық валюта қорының жаңа директоры Кристалина Георгиеваның айтуынша, Дональд Трамптың сауда соғысы әлемдік экономикаға шамамен 700 миллиард долларға тең шығын келтірді. Сонымен бірге Трамп басқа экономикаларды Вашингтонның  талаптарын қабылдауға мәжбүрлеу үшін оларға қоқан-лоққы көрсетті. Ол бұл салада Қытай, Канада және Мексикамен жасаған келісімдеріне тоқталды. Ол өз президенттігіне дейін Қытайдың АҚШ-пен сауда қатынасынан үлкен пайда көргенін, бірақ ол оған қарсы шыққанын және бұл істі бұрынғы үкіметтердің жасамағанын мәлімдеді. Трамп сондай-ақ еуропалықтарды қорқытты. АҚШ Президенті баж салу тәсілін қолдап: "Егер еуропалықтармен келісімге келмесек, АҚШ импорттайтын еуропалық көліктерге баж салу жақсы шешім болады",- деді. Сауда соғысында Трамп АҚШ-тың бәсекелестерін, әсіресе Қытай мен өз одақтастарын, соның ішінде Еуропаны бөліп-жармай, олардың АҚШ-пен саудадан пайда көруін тоқтатуға талпынуда. Өндірістің қымбаттауы ішкі және сыртқы нарықтардағы америкалық бәсекелестік қабілетін төмендетеді. Баж салу тәсілі АҚШ өндірісін дамытқан жоқ.

Трамптың уәжіне керісінше оның коммерциялық және экономикалық көзқарасы әлемдік экономикаға ғана емес,  АҚШ-тың өзіне де теріс әсер етеді.

   

 

 

 

Тегтер